Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Садио Манесіз Сенегал құрамасы Нидерландқа жол берді (видео)

Опубликовано:

Ван Дейк
Ван Дейк жасыл алаңда. Фото: twitter/FIFAWorldCup

Футболдан Әлем чемпионатының алғашқы турында Нидерланд пен Сенегал құрамалары кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нидерланд пен Сенегал құрамалары арасындағы матч 2:0 есебімен аяқталды. 84-минутта Гакпо гол соғып, есеп ашса, матчтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Классен кездесудің нүктесін қойды.

Айта кетейік, А тобында Катар, Эквадор, Нидерланд және Сенагал өнер көрсетеді. Кеше, 20 қарашада төрт жылдықтың ірі додасының ашылу салтанатынан кейін Катар мен Эквадор кездесті. Аталған матч 0:2 есебімен оңтүстік америкалықтың пайдасына шешілді.

Қазіргі уақытта А тобында Нидерланд пен Эквадор үш ұпаймен көш бастап тұр.

Сенегал мен Катарда әзірге ұпай жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сенегал құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Садио Маненің жарақытына байланысты Әлем чемпионатына қатыспайтынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998336-alem-cempionaty-manesiz-senegal-quramasy-niderlandqa-zol-berdi/

pixel