Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Катардағы Әлем чемпионатында алғашқы тең есеп тіркелді

Опубликовано:

Әлем біріншілігі
АҚШ пен Уэльс арасындағы матч. Фото: twitter/FIFAWorldCup

Футболдан Әлем чемпионатының алғашқы турында АҚШ пен Уэльс құрамалары кездесті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

АҚШ пен Уэльс құрамалары арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды. 36-минута Веа гол соғып, мұхиттың арғы жағынан келген команданы алға шығарды. АҚШ шабуылшысына нәтижелі пасты "Челсидің" жартылай қорғаушысы Пуличич берді. Ал 82-минутта Гарет Бэйл он бір метрлік айып добын сәтті орындап, есепті теңестіріп кетті.

Бұдан кейін қос құрама да алма кезек шабуылға иек артқанымен, гол болмады.

Осылайша, АҚШ пен Уэлс алғашқы ұпайына қол жеткізді.

В тобында АҚШ пен Уэлстен бөлек Англия, Иран құрамалары бар.

Қазіргі уақытта турнирлік кестеде Англия үш ұпаймен көш бастап тұр. Гарет Саутгейттің шәкірттері алғашқы турда Иранды 6:2 есебімен ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998339-futboldan-alem-cempionaty-aqs-pen-uels-arasyndagy-matcta-ten-esep-tirkeldi/

pixel