Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Катардағы Әлем чемпионатында Либерия президентінің ұлы гол соқты (фото)

Опубликовано:

Тимоти Веа
Тимоти Веаның Уэльс қақпасына гол соққан сәті. Фото: FIFA World Cup/Twitter

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының екінші күнге жоспарланған матчтары аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

АҚШ пен Уэльс арасындағы кездесуде Либерияның президентінің ұлы Тимоти Веа есеп ашып, мұхиттың арғы жағынан келген команданы алға шығарды. Бұл оның Әлем біріншілігіндегі алғашқы добы.

АҚШ пен Уэльс арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Еуропалық команда сапыпан Гарет Бэйл мергендігімен көзге түсті. "Реал Мадридтің" бұрынғы шабуылшысы он бір метрлік айып добын сәтті орындады.

Айта кетейік, Тимоти Веаның әкесі Джордж Веа - 2018 жылдан бері Либерияның президенті. Саясаткер билікке келместен бұрын футболда үлкен жетістікке жеткен.

Ол - "Миланның" бұрынғы шабуылшысы және "Алтын доп" иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998340-katardagy-alem-cempionatynda-liberiya-prezidentinin-uly-gol-soqty-foto/

pixel