Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лионель Месси пенальтиді сәтті орындап, Аргентинаны алға шығарды

Опубликовано:

Аргентина құрамасы
Месси және оның командасы. Фото: pixabay.com

Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентина мен Сауд Арабиясы арасындағы матч басталып, Лионель Месси мергендігімен көзге түсіп үлгерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ойынның оныншы минутында әлем үздігі Лионель Месси 11 метрлік айып добын сәтті орындап, командасын алға шығарды.

Сауд Арабиясының ойыншысы өз айып алаңында аргентиналық футболшыға қарсы ереже бұзып, төреші VAR жүйесін қарау арқылы пенальти белгіледі.

11 метрлік айып добын Месси өте салқынқанды орындап, Аргентинаны жеңіске бір қадам жақындатты. Бұл Лионельдің аталған әлем біріншілігіндегі алғашқы голы.

Айта кетелік, Лионель Месси Аргентина сапында әлем чемпионатына бесінші рет қатысып отыр. Ол әлем чемпионатының алтынынан бөлек, барлық атақты иеленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998458-lionel-messi-penaltidi-satti-oryndap-argentinany-alga-sygardy/

pixel