Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Сауд Арабиясы Аргентина қақпасына екі гол соғып, алға шықты

Опубликовано:

Салем-Ас-Сари гол соғуда
Салем-Ас-Сари: twitter/FIFAWorldCup

Катардағы әлем чемпионатында Аргентина мен Сауд Арабиясы арасындағы матч жалғасуда. Әзірге, Аргентина 1:2 есебімен ұтылып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бірінші таймның 10-минутында Лионель Месси пенальти арқылы есеп ашқан болатын. Одан бөлек, Аргентинаның екі голы офсайдқа байланысты есепке алынған жоқ.

Ал екінші таймды саудиялықтар өте сәтті бастады. Ойынның 48-минутында Салех-аш-Шехри, 53-минутта Салем ас-Сари Аргентина қақпасын дәл көздеді.

Осылайша, Сауд Арабиясы әзірге кішігірім сенсация жасап отыр. Енді бұл есепті ойынның соңына дейін сақтауға тырысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998477-alem-cempionaty-saud-arabiyasy-argentina-qaqpasyna-eki-gol-sogyp-alga-syqty/

pixel