Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтед" сапынан кетті

Опубликовано:

Роналду
Роналду жасыл алаңда. Фото: David S. Bustamante/Soccrates/Getty Images

Әлем футболының жарық жұлдызы Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтед" сапынан кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты "Манчестер Юнайтед" клубының баспасөз қызметі ресми сайтында растады.

Онда ұжым мен футболшының ортақ шешімге келгені айтылған.

Еске сала кетейік, Катардағы Әлем чемпионаты басталардан бұрын Роналду танымал журналист Пирс Морганға сұхбат берген болатын.

Аталған сұхбат жанкүйерлер мен футболшылар арасында үлкен дау туғызды. Атап айтқанда, Криштиану қазіргі "Манчестер Юнайтед" басшылығын сынға алып, бас бапкерді өзін сыйламағаны үшін айыптаған.

Бұдан соң БАҚ беттерінде Роналдудың англиялық ұжым сапынан кететіні жазылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998520-ronaldu-mancester-yunaited-sapynan-ketti/

pixel