Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германия мен Жапония арасындағы матч сенсациялық нәтижемен аяқталды

Опубликовано:

футбол
Жапония құрамасы. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі кезекті матч өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Е тобында өнер көрсететін Германия мен Жапония арасындағы кездесу "Халифа" стадионында өтті.

Матч күншығыс елінің футболшыларының пайдасына аяқталды. Есеп: 1:2.

Гол авторлары: Гюндаган (он бір метрлік айып добынан) - Доан, Асано.

Аталған кездесу басталмай тұрып спорт жанкүйерлері мен сарапшылар Германия жеңіске жетеді деп болжаған еді. Алайда Жапония жоғарғы деңгейдегі ойын үлгісін көрсетіп, Әлем чемпионатындағы кезекті сенсацияны жасады.

Бұған дейін Сауд Арабиясы әйгілі Аргентинаны ұтып, "айды аспаннан шығарған" болатын.

Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998691-germaniya-men-zaponiya-arasyndagy-matc-sensaciyalyq-natizemen-ayaqtaldy/

pixel