Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криштиану Роналду бастаған Португалия аса тартысты матчта Гананы жеңді

Опубликовано:

Криштиану Роналду и Жоау Феликс
Криштиану Роналду и Жоау Феликс. Фото: Clive Brunskill/Getty Images

Футболдан әлем чемпионатында Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Н тобындағы екінші матчта Португалия мен Гана құрамалары кездескен болатын. Аса тартысты өткен кездесудің бірінші митаймында есеп ашылған жоқ. Есесіне, екінші таймда ойыншылар жалпы есебі 5 гол соқты.

Алдымен Криштиану Роналду 11 метрлік пенальтиді өте сәтті орындап, командасын алға шығарды. Ганалықтар да қарап қалған жоқ. Сегіз минуттан соң Андре Айю есепті теңестірді.

Ойынның 78-минутында португалиялық жас ойыншы Жоао Феликс есепті еселесе, араға екі минут салып Рафаель Леао Португалияның басымдығын 3:1-ге жеткізді.

Осыдан соң матчтағы бар мәселе шешіліп қойғандай көрінген. Бірақ жанкешті ганалықтар сапынан Осман Букари гол соғып, шиеліністі қыздыра түсті.

Төреші де екінші таймға 9 минут уақыт қосқан. Соңғы минуттарда Португалия қақпашысы Диего Кошта өрескел қатеге жол бере жаздады. Десе де, португалдар ойын соңына дейін басымдықты сақтап қалды.

Осылайша, Н тобында 3 ұпай жиған Португалия көш бастады. Оңтүстік Корея мен Уругвайда бір ұпай болса, Ганада әзірге ұпай жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998856-kristianu-ronaldu-bastagan-portugaliya-asa-tartysty-matcta-ganany-zendi/

pixel