Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатының күнделігі: Бесінші күннің нәтижелері

Опубликовано:

қақпашы
Фото: Twitter/FIFAWorldCup

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем біріншілігінің бесінші күніне жоспарланған барлық ойын аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекенің бесінші күнінде G және H тобының матчтары өтті.

Уругвай мен Оңтүстік Корея арасындағы кездесуінде есеп ашылмаса, Португалия-Гана ойынында жанкүйерлер бес голдың куәсі болды. Аталған матчта Криштиану Роналду бастаған еуропалықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы турдан кейін H тобындағы жағдай:

Португалия - 3 ұпай

Оңтүстік Корея - 1 ұпай

Уругвай - 1 ұпай

Гана - 0 ұпай

G тобында Бразилия Сербиядан 2:0 есебімен басым түссе, ал Швейцария-Камерун ойынының "тағдырын" жалғыз гол шешіп кетті.

Алғашқы турдан кейін G тобындағы жағдай:

Бразилия - 3 ұпай

Швейцария - 3 ұпай

Сербия - 0 ұпай

Камерун - 0 ұпай.

Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998891-alem-cempionatynyn-kundeligi-besinsi-kunnin-natizeleri/

pixel