Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уэльс пен Иран арасындағы матч күтпеген нәтижемен аяқталды

Опубликовано:

алаң
Стадионның ішкі көрінісі. Фото: pexels.com

Футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Уэльс пен Иран кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

В тобында өнер көрсететін Уэльс пен Иран арасындағы кездесу "Ахмед бин Али" стадионында өтті.

Матч Тареми мен Азмун бастаған ұжымның пайдасына аяқталды. Есеп: 2:0. Уэльс құрамасы екі голды да тоқсаншы минутта жіберіп алды.

Гол авторлары: Чешми, Резаян.

Аталған кездесу басталмай тұрып спорт жанкүйерлері мен сарапшылар Уэльс жеңіске жетеді деп болжаған еді. Алайда Иран футболшылары жоғарғы деңгейдегі ойын үлгісін көрсетіп, Әлем чемпионатындағы кезекті сенсацияны жасады.

Бұған дейін Сауд Арабиясы-Аргентина, Жапония-Германия матчтарында күтпеген нәтиже тіркелген еді.

Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1999001-uels-pen-iran-arasyndagy-matc-kutpegen-natizemen-ayaqtaldy/

pixel