Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан гандболдан Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Опубликовано:

қол добы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяның Сеул мен Инчон қалаларында өтіп жатқан XIX Азия чемпионатында Гонконгты жеңді. Есеп: 28-24, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Айта кетейік, ееше қазақстандық қол добы шеберлері В тобындағы алғашқы турда Қытайға есе жіберген болатын.

Енді отандық спортшы арулар 27 қарашада Таиландпен шеберлік байқасып, соңғы турда (30 қарашада) Жапониямен кездеседі.

Ұлттық құрама ойыншылары: Жанерке Қуандықова, Дана Әбілда, Жанерке Сейтқасым, Татьяна Давыдова, Злата Звягина, Алеся Малышева, Альсина Жұмабек, Наталья Полуянко, Мария Пупченкова, Камила Серікбаева, Кристина Степанова, Вероника Хардина, Мария Ситникова, Ксения Пупченкова, Арайлым Әбдіхамит, Елена Беренда, Дамира Жапарова, Кристина Радаева;

Айта кетейік, құрлық додасы 4 желтоқсанда мәресіне жетеді. Нәтижесінде үздік 5 құрама 2023 жылғы 30 қараша мен 17 желтоқсан аралығында Дания/Норвегия/Швецияда өтетін XXVI Әлем чемпионатына жолдама алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1999002-qazaqstan-gandboldan-aziya-cempionatynda-algasqy-zenisine-qol-zetkizdi/

pixel