Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан әлем чемпионаты: Катар алғашқы тарихи голын соқты

Опубликовано:

Матч Катар - Сенегал
Матч Катар - Сенегал. Фото: Dan Mullan/Getty Images

Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында жарыс қожайындары Сенегалмен кездесіп, тарихи гол соқты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ойынның 78-минутында Мохаммед Мунтари қарсылас қақпасын дәл көздеді. Бұл әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысып отырған Катардың алғашқы тарихи голы саналады.

Десе де, бұл доп катарлықтарға жеңіс әкелген жоқ. Олар бар болғаны есеп айырмашылығын бір голға қысқартқан болатын. Аталған матчта Сенегал 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Африкалық команда сапында Диа, Дьеду Якобс және Дьенг Ндиай мергендігімен танылып, өз командаларының турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1999014-futboldan-alem-cempionaty-katar-algasqy-tarixi-golyn-soqty/

pixel