Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: атышулы "неміс машинасы" бір ұпайға әрең қол жеткізді

Опубликовано:

Никлас Фююлькруг
Никлас Фююлькруг. Фото: twitter/fifaworldcup

Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Германия мен Испания құрамалары кездесіп, есеп тең аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Е тобындағы екінші айналымда кездескен Еуропаның ең мықты екі құрамасы тең нәтижеге қанрағат етіп тарқасты. Десе де, бұл матчта Германия футболшыларына жеңіс ауадай қажет болатын. Себебі олар алғашқы кездесуде күтпеген жерден Жапонияға жол берді.

Бүгінгі матчта да "неміс машинасының" жеңіліп қалатын мүмкіндігі көп болды. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ, ел екінші таймның 62-минутында испаниялық Альваро Морато гол соғып кетті.

Германия бұл матчта ұтылса, плей-офф кезеңінен түбегейлі сырт қалатын еді. Команданың абыройын екінші таймда алаңға шыққан Никлас Фююлькруг сақтады. Ол ойынның 83-минутында Испания қақпасын дәл көздеп, таразы басын теңестірді.

Осылайша, Германия құрамасы екінші ойыннан соң бір ұпайға қол жеткізді. Әзірге, олар топтағы төртінші орында келеді.

Топтық кездесудегі соңғы ойында Испания Жапониямен, Германия Коста-Рикамен кездеседі. Осы кездесулерден соң плей-офф кезеңіне жолдама алған құрамалар анықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1999132-alem-cempionaty-atysuly-nemis-masinasy-bir-upaiga-aren-qol-zetkizdi/

pixel