Каземироның голы Бразилияны әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығарды
Опубликовано:

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі кезекті матч өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Stadium 974 стадионында өткен Бразилия мен Швейцария арасындағы матчта сенсация тіркелген жоқ.
Бес дүркін әлем чемпиондары еуропалық команданы 1:0 есебімен ұтты. Ойындағы жалғыз голды Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы Каземиро еншісіне жазды. Ол 83-минутта Родригоның пасын сәтті пайдаланып, мергендігімен көзге түсті.
Айта кетейік, Бразилия Франция құрамасы секілді Катарда өтіп жатқан Әлем біріншілігінің плей-офф кезеңіне жолдама алды.
2-турдан кейін G тобындағы жағдай:
Бразилия - 6 ұпай,
Швейцария - 3 ұпай,
Сербия - 1 ұпай,
Камерун - 1 ұпай.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1999302-kazemironyn-zalgyz-goly-braziliya-sveicariya-matcynyn-tagdyryn-sesti/