Роналду бастаған Португалия құрамасы Әлем чемпионатындағы маңызды жеңіске қол жеткізді
Опубликовано:

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі кезекті матч өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Н тобында өнер көрсететін Португалия мен Уругвай арасындағы кездесу Lusail Iconic стадионында өтті.
Матч Криштиану Роналду бастаған еуропалық команданың пайдасына аяқталды. Есеп 2:0
Гол авторлары: Бруну Фернандеш (дубль).
Осылайша, Португалия құрамасы Әлем біріншілігінің плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Айта кетейік, кездесудегі алғашқы доп Криштиану Роналдудың атына жазылған. Алайда кейінірек төрешілер голды "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы шабуылшысы соқпады деген шешім қабылдады.
2-турдан кейін H тобындағы жағдай:
Португалия - 6 ұпай,
Гана - 3 ұпай,
Оңтүстік Корея - 1 ұпай,
Уругвай - 1 ұпай.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1999303-ronaldu-bastagan-portugaliya-quramasy-alem-cempionatyndagy-manyzdy-zeniske-qol-zetkizdi/