Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Голды кім соқты": ФИФА Португалия-Уругвай матчына қатысты қайтадан зерттеу жасамақ

Опубликовано:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду: twitter/fifaworldcup

Футболдан әлем чемпионатының екінші айналымында Португалия мен Уругвай құрамалары кездесіп, еуропалықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірақ аталған матчта соғылған алғашқы голдың авторына қатысты дау әлі аяқталған жоқ, деп жазады sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның хабарлауынша, ойынның 54-минутында Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Бруну Фернандештің тепкен айып добын Криштиану Роналду басымен соғып, қақпаға енгізген.

Алғашында голдың авторы ретінде Роналду көрсетілген. Бірақ ФИФА кейін допты Брунудың еншісіне жазған. Өйткені, доп Роналдудың басына тимеуі мүмкін деген пікірге басымдық берілген.

Енді ФИФА аталған жағдайды толық зерттеп, голды нақты кімнің соққанын анықтамақ.

Португалия құрамасы да голдың Роналдуға тиесілі екенін дәлелдейтін мәліметтерді жинап, ФИФА-ға хат жазбақшы.

O Jogo басылымның жазуынша, әйгілі футболшының өзі голдың авторы екенін сенімді. Себебі, матч аяқталған соң Роналдудың: "Доп менің басыма тиді" деп айтқаны камераға түсіп қалған.

Айта кетелік, Португалия өз тобында алты ұпай алып, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты. Топтағы соңғы турда португалдар Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1999436-goldy-kim-soqty-ronaldudyn-golyn-esepke-almagan-fifa-qaitadan-zertteu-zasamaq/

pixel