Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенегал шешуші турда жеңіске жетіп, Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Опубликовано:

Сенегал құрамасының футболшысы
Сенегал құрамасының футболшысы. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне Сенегал құрамасы шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Топтық кезеңнің шешуші турында Африка құрлығынан келген команда Эквадор құрамасынан басым түсті. Есеп 2:1.

Гол авторлары: Сарр (он бір метрлік айып добынан) 1-0, Кайседо 1-1, Кулибали 2-1.

Осылайша, Сенегал құрамасы Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне алты ұпаймен жолдама алып отыр.

Африкалық ұжым 1/8 финалда В тобының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, төртжылдықтың ірі додасында А тобында Нидерланд, Катар, Эквадор және Сенегал құрамалары өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1999476-senegal-sesusi-turda-zeniske-zetip-alem-cempionatynyn-plei-off-kezenine-syqty/

pixel