Әлем чемпионаты: Англия мен Уэльс арасындағы матч ірі есеппен аяқталды
Опубликовано:

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан тағы бір команда анықталды. Ол - Англия құрамасы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Үшінші турда Уэльс пен Англия кездесті. "Ахмед бин Али" стадионында өткен матчта Гарет Саутгейт шәкірттері Бэйл бастаған ұжымнан басым түсті.
Есеп 0:3
Гол авторлары: 0:1 – Рэшфорд (50), 0:2 – Фоден (52), 0:3 – Рэшфорд (68).
Үшінші турдан кейін В тобындағы жағдай:
Англия - 7 ұпай,
АҚШ - 5 ұпай,
Иран - 3 ұпай,
Уэльс - 1 ұпай.
Осылайша, Англия құрамасы өз тобында бірінші орынға ие болып, Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды. 1/8 финалда Гарет Саутгейт шәкірттері Сенегалмен ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1999490-alem-cempionaty-angliya-men-uels-arasyndagy-matc-iri-eseppen-ayaqtaldy/