Пуличичтің жалғыз голы АҚШ-ты Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығарды
Опубликовано:

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем біріншілігінің топтық кезеңінен Америка құрама штаттары екінші орынмен шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Шешуші турда Иран мен АҚШ құрамалары кездесті. "Аль-Тумама" стадионында өткен матч 0:1 есебімен аяқталды. Жалғыз допты мұхиттың арғы жағынан келген ұжымның шабуылшысы Кристиан Пуличич еншісіне жазды. Ол ойынның 38-минутында мергендігімен көзге түсті.
Үшінші турдан кейін В тобындағы жағдай:
Англия - 7 ұпай,
АҚШ - 5 ұпай,
Иран - 3 ұпай,
Уэльс - 1 ұпай.
Осылайша, АҚШ құрамасы өз тобында екінші орынға ие болып, Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды. 1/8 финалда мұхиттың арғы жағынан келген команда Нидерландпен жолығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1999495-pulicictin-zalgyz-goly-aqs-ty-alem-cempionatynyn-plei-off-kezenine-sygardy/