Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақcтан ФИФА рейтингінде 152-орында тұрған елмен футболды дамыту мәселесін талқылады

Опубликовано:

ұлттық құрама
Астана арена. Қазақстан мен Беларусь матчы. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Индонезия Спорт және жастар саясаты министрлігінің Шри Ваниуни бастаған делегациясымен, сондай-ақ Индонезияның Қазақстандағы елшісі Мохамад Фаджрул Рахманмен кездесу өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚФФ кеңсесінде өткен кездесуде тараптар Индонезия мен Қазақстанда футболды дамытуға қатысты көптеген мәселелерді талқылады.

Спорттық медицина саласында тәжірибе алмасу және спорттық құрал-жабдықтар өндіру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ әртүрлі жас арасындағы ұлттық құрамалар арасында жолдастық матчтар өткізу мәселелері қаралды.

Федерация президенті Әділет Барменқұлов тараптардың спорт шеңберіндегі ынтымақтастығы зор әлеуеті бар елдер арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға септігін тигізеді деген үмітін білдірді.

Делегация басшысы Шри Ваниуни қазақстандық тарапын келесі жылы Индонезияда өтетін 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы футболдан әлем чемпионатына шақырды.

Айта кетейік, ФИФА рейтингінде Индонезия 152-орында, ал Қазақстан 113-сатыда тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1999505-qazaqctan-fifa-reitinginde-152-orynda-turgan-elmen-futboldy-damytu-maselesin-talqylady/

pixel