Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Франция мен Тунис арасындағы матчта күтпеген нәтиже тіркелді

Опубликовано:

Тунис құрамасы
Тунис құрамасының футболшылары. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатында тағы бір сенсация орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үшінші турда Тунис пен Франция кездесті. Education City стадионында өткен матчта Африка құрлығынан келген команда Дидье Дешамның шәкірттерін 1:0 есебімен ұтты.

Ойындағы жалғыз гол Тунис шабуылшысы Хазридің еншісіне жазылды.

Үшінші турдан кейін D тобындағы жағдай:

Франция - 6 ұпай,

Аустралия - 6 ұпай,

Тунис - 4 ұпай,

Дания - 1 ұпай.

Шешуші турдағы жеңілісіне қарамастан Франция құрамасы өз тобында бірінші орынға ие болып, Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1999654-franciya-men-tunis-arasyndagy-matcta-kutpegen-natize-tirkeldi/

pixel