Әлем чемпионаты: Аустралия мен Дания арасындағы матчта сенсациялық нәтиже тіркелді
Опубликовано:

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Дания құрамасы өз тобынан шыға алмай қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Шешуші турда Дания құрамасы Аустралиямен кездесті. Al Janoub стадионында өткен матчта D тобының фавориттері күтпеген жерден Аустралияға жол берді. Есеп 1:0. Матчтың алпысыншы минутында Аустралияның жартылай қорғаушысы Мэтью Лекки мергендігімен көзге түсті.
Үшінші турдан кейін D тобындағы жағдай:
Франция - 6 ұпай,
Аустралия - 6 ұпай,
Тунис - 4 ұпай,
Дания - 1 ұпай.
Осылайша, Дания құрамасы Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыға алған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1999657-alem-cempionaty-australiya-men-daniya-arasyndagy-matcta-sensaciyalyq-natize-tirkeldi/