Месси бастаған Аргентина құрамасы Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты ма
Опубликовано:

Футболдан Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алған тағы бір команда белгілі болды. Ол - Аргентина құрамасы, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Топтық кезеңнің үшінші турында Польша мен Аргентина құрамасы кездесті. "Рас-Абу-Абуд" стадионында өткен матчта Аргентина 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Гол авторлары: Алексис Мак Аллистер, Хулиан Альварес.
Үшінші турдан кейін С тобындағы жағдай:
Аргентина - 6 ұпай,
Польша - 4 ұпай,
Мексика - 4 ұпай,
Сауд Арабиясы - 3 ұпай.
Осылайша, Аргентина құрамасы өз тобында бірінші орынға ие болып, Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Месси бастаған команданың 1/8 финалдағы қарсыласы - Аустарлия.
Ал Польша Франциямен кездеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1999670-messi-bastagan-argentina-quramasy-alem-cempionatynyn-plei-off-kezenine-syqty-ma/