Жапония мен Испания арасындағы матчта күтпеген нәтиже тіркелді
Опубликовано:

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатында тағы бір сенсация тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі
Үшінші турда Жапония мен Испания құрамалары кездесті. "Халифа" стадионында өткен матчта күншығыс елінің футболшылары 2:1 есебімен басым түсті.
Гол авторлары: Рицу Доан, Ао Танака - Альваро Мората.
Үшінші турдан кейін Е тобындағы жағдай:
Жапония - 6 ұпай,
Испания - 4 ұпай,
Германия - 4 ұпай,
Коста-Рика - 3 ұпай.
Осылайша, Жапония өз тобында бірінші орынға ие болып, Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Күншығыс елінің футболшылары 1/8 финалда Хорватиямен ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1999831-zaponiya-men-ispaniya-arasyndagy-matcta-kutpegen-natize-tirkeldi/