Германия футболдан Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыға алмады

Опубликовано:

футбол
Гнабри мен Мюллер. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне Германия шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үшінші турда Германия Коста-Рика құрамасымен кездесті. "Аль-Байт" стадионында өткен матчта 2:4 есебімен еуропалық команда жеңіске жетті.

Гол авторлары: Техеда, Нойер - Гнабри, Хавертц (дубль), Фюллькруг.

Үшінші турдан кейін Е тобындағы жағдай:

Жапония - 6 ұпай,

Испания - 4 ұпай,

Германия - 4 ұпай,

Коста-Рика - 3 ұпай.

Осылайша, Германия құрамасы өз тобында үшінші орынға ие болып, Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1999832-germaniya-futboldan-alem-cempionatynyn-plei-off-kezenine-syga-almady/