Боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққан кейін алғаш рет желіде суретін жариялады (фото)

Опубликовано:

Айдос Ербосынұлы
Айдос Ербосынұлы. Фото: instagram.com/yerbossynuly_aidos

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін, алғаш рет желіде фото жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Боксшы суретін Instagram Stories-те жариялап, "Альхамдулиллах" деген жазба қалдырған.

Айта кетейік, бұған дейін Айдос Ербосынұлы ел азаматтарына өзіне көрсеткен қолдау үшін алғыс білдіріп, денсаулығының жақсарғанын айтып еді.

Еске салсақ, Айдос Ербосынұлы АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткен жекпе-жекте кубалық Давид Моррелюден нокаутпен жеңілген еді. Жекпе-жектен кейін боксшының ауруханаға түскені хабарланды. Дәрігерлер боксшыны жасанды комаға түсіріп, ота жасады.

Кейін Айдос Ербосынұлының комадан шығып, денсаулығының жақсарғаны белгілі болды.

Айдос Ербосынұлы Instagram Stories-те жариялаған фото
Айдос Ербосынұлы Instagram Stories-те жариялаған сурет. Фото: instagram.com/yerbossynuly_aidos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1999911-komadan-syqqan-bokssy-aidos-erbosynuly-algas-ret-zelide-suretin-zariyalady-foto/