Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне ең соңғы жолдама алған құрама белгілі болды
Опубликовано:

Футболдан Катардағы Әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Плей-офф кезеңіне ең соңғы болып Швейцария құрамасы жолдама алып отыр.
Айта кетейік, Мурат Якиннің шәкірттері үшінші турда Сербиямен кездесті. Stadium 974 стадионында өткен матчта Швейцария жеңіске жетті. Есеп 2:3. Гол авторлары: Александар Митрович, Душан Влахович - Джердан Шакири, Бреэль Эмболо, Ремо Фройлер.
Үшінші турдан кейін G тобындағы жағдай:
Бразилия - 6 ұпай,
Швейцария - 6 ұпай,
Камерун - 4 ұпай,
Сербия - 1 ұпай.
Осылайша, Швейцария өз тобында екінші орынға ие болып, төртжылдықтың ірі додасының плей-офф кезеңіне жолдама алып отыр. 1/8 финалда еуропалық команда Криштиану Роналду бастаған Португалиямен ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1999992-alem-cempionatynyn-plei-off-kezenine-en-songy-zoldama-algan-qurama-belgili-boldy/