Әлем чемпионатының ширек финалына шыққан алғашқы құрама белгілі болды
Опубликовано:

Нидерланд құрамасы футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
1/8 финалда Нидерланд пен Америка құрама штаттары кездесті. "Халифа" стадионында өткен матчта Луи Ван Гал шәкірттері мұхиттың арғы жағынан келген ұжымнан басым түсті. Есеп 3:1.
Гол авторлары: Депай, Блинд, Райт - Думфрис.
Енді Нидерланд құрамасы Аргентина-Аустралия жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2000039-alem-cempionatynyn-sirek-finalyna-syqqan-algasqy-qurama-belgili-boldy/