Месси бастаған Аргентина құрамасы Әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Опубликовано:

Аргентина құрамасы Әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
1/8 финалда Аргентина мен Аустралия кездесті. "Ахмед бин Али" стадионында өткен матчта Лионель Месси бастаған оңтүстік америкалық ұжым жеңіске жетті. Есеп 2:1.
Гол авторлары: Месси, Альварес - Фернандес (өз қақпасына).
Енді Аргентина құрамасы ширек финалда Нидерланд құрамасымен ойнайды. Луи Ван Гал шәкірттері 1/8 финалда АҚШ-ты жарыс жолынан шығарды.
Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2000040-messi-bastagan-argentina-quramasy-alem-cempionatynyn-sirek-finalyna-syqty/