Катардағы Әлем чемпионаты: Бүгін қандай матчтар өтеді
Опубликовано:

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/8 финалының матчтары өтіп жатыр. Бүгін екі құрама ширек финалға жолдама алады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Al Janoub стадионында Жапония мен Хорватия арасындағы матч өтеді. Кездесу астана уақытымен 20.50-де басталады деп жоспарланып отыр.
Ал Бразилия мен Оңтүстік Корея арасындағы матч түнде өтпек. Оңтүстік америкалық ұжыммен азиялық команданың футболшылары 00.50-де алаңға шығады.
Qazaqstan және Qazsport телеарналары әлем біріншілігінің бүгінгі кездесулерін тікелей эфирде көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2000191-katardagy-alem-cempionaty-bugin-qandai-matctar-otedi/