Футболдан әлем чемпионатында үйіне ұры түскенін естіген танымал ағылшын футболшысы еліне қайтып кетті
Опубликовано:

Өткен сенбіде Ұлыбритания құрамысының ойыншысы Рахим Стерлингтің үйіне ұрыс түсіп, тонап кеткен. Мұны естіген футболшы көп кешіктірмей еліне қайтуды жөн көрген, деп хабарлайды Қазақпарат.
Басылымның жазуынша, Daily Telegraph журналисі Мэтт Лоу мәлімдегендей, Англия ұлттық құрамасының футболшысы Рахим Стерлингтің Лондондағы үйіне өткен сенбіде ұры түсіп, тонап кеткен.
Мұны естіген үш баланың әкесі көп кешіктірмей еліне қайтқан. Осыған байланысты ол Ұлыбритания мен Сенегал арасында өткен ойынға қатыспаған.
Басылым мәліметінше, футболшы Катарға қайтадан қайтып келуі мүмкін.
Әзірге ағылшын ойыншысы Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында, ұлттық құрама сапында бір гол соғып үлгерген.
Айта кетейік, Англия әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында Уэльсті 3:0 есебімен жеңген еді. Кейін дәл осындай есеппен Сенегалды ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2000231-futboldan-alem-cempionatynda-uiine-ury-tuskenin-estigen-tanymal-agylsyn-futbolsysy-eline-qaityp-ketti/