Әлем чемпионаты: Бразилия ширек финалға жолдама алды
Опубликовано:

Бразилия құрамасы Әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
1/8 финалда Бразилия құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесті. "974" стадионында өткен матчта оңтүстік америкалық ұжым жеңіске жетті. Есеп 4:1.
Гол авторлары: Винисиус Жуниор, Неймар (он бір метрлік айып добынан), Ришарлисон, Лукас Пакета - Пайк Сын Хо.
Енді Бразилия құрамасы ширек финалда Жапониядан пенальти сериясы арқылы айласын асырған Хорватиямен ойнайды.
Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2000263-alem-cempionaty-braziliya-sirek-finalga-zoldama-aldy/