Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясында өтетін турнирде ел намысын қорғайтын таеквондошылардың есімі белгілі болды

Опубликовано:

Таеквондо
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

8-10 желтоқсан аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта таеквондодан Гран-При кезеңінің финалы өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамуты дирекциясына сілтеме жасап.

Париж Олимпиадасына рейтинг ұпайлары сарапқа салынатын турнирге әлемдік таеквондо "жұлдыздары" қатысады.

Байрақты бәсекеде ел намысын екі спортшы қорғамақ. Олар: Жансель Дениз (+67 келі) бен Смайыл Дүйсебай (+80 келі).

Жалпы олимпиада бағдарламасына кіретін 8 салмақта (ерлер 4, әйелдер 4) 40 елдің 128 даянг шебері жылды қорытындыламақ. Ұпайдан бөлек, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйақыға ие болады. Сондай-ақ 10 желтоқсанда кешке World Taekwondo Gala Awards Гала-кеші өтеді. Мұнда биыл алғаш рет пара-таеквондо спортшылары мен олардың бапкерлері марапатталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2000392-saud-arabiyasynda-otetin-turnirde-el-namysyn-qorgaityn-taekvondosylardyn-esimi-belgili-boldy/

pixel