Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Роналду тізімде жоқ": Португалияның Швейцарияға қарсы құрамы жарияланды

Опубликовано:

Португалия
Португалияның мемлекеттік туы. Фото: pexels.com

Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш Швейцарияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Португалия құрамасының бас бапкері алғашқы минуттан алаңға шығатын он бір ойыншының қатарына Криштиану Роналдуды қоспаған. Енді әлем футболының жұлдызы матчтың екінші бөлігінде командасына көмектесуі мүмкін.

Португалияның құрамы:

Диого Кошта, Диого Далот, Пепе, Рубен Диаш, Рафаэл Гирейро, Виллиам Карвальо, Отавио, Бруно Фернандеш, Бернарду Силва, Жоау Феликс, Гонсалу Рамуш.

Айта кетейік, 1/8 финалдың соңғы матчы Португалия-Швейцария арасында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 00.50-де басталады деп жоспарланып отыр.

Аталған ойынның жеңімпазы ширек финалда Марокко құрамасының қарсыласы атанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000426-ronaldu-tizimde-zoq-portugaliyanyn-sveicariyaga-qarsy-quramy-zariyalandy/

pixel