Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Португалия Швейцария қақпасына алты гол соғып, ширек финалға шықты

Опубликовано:

Гонсалу Рамош гол салған сәтін тойлауда
Гонсалу Рамош. Фото: twitter/fifaworldcup

Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында плей-офф кезеңі аяқталды. Ширек финалға ең соңғы болып Португалия құрамасы жолдама алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Плей-офф кезеңіндегі соңғы матчта Португалия мен Швейцария құрамалары кездескен болатын. Аталған матч толығымен Португалия басымдығымен өтті. Фернанду Сантуш шәкірттері қарсылас қақпасына алты гол соқты.

Атап айтар болсақ, жас ойыншы Гонсалу Рамош ойын барысында үш гол салып, хет-трек авторы атанды. Одан бөлек, Португалия сапынан Пепе, Рафаель Геррейру мен Рафаель Леао көзге түсті.

Швейцария сапынан Мануель Аканджи бір доп айырмасын қысқартқан.

Айта кетелік, команданың басты жұлдызы Криштиану Роналду ойынды қосалқы құрамда бастап, алаңға екінші таймның ортасында шықты.

Осылайша, ширек финалға жолдама алған командалар толық анықталды. Португалия құрамасы бүгін Испанияны жеңген Мароккомен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000432-portugaliya-sveicariya-qaqpasyna-alty-gol-sogyp-sirek-finalga-syqty/

pixel