Португалия құрамасының атақты футболшысы Әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты
Опубликовано:

Португалия құрамасының ардагер футболшысы Пепе Әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Португалия құрамасының қорғаушысы Швейцарияға қарсы матчта Янн Зоммерден айласын асырды.
Осылайша, Пепе Әлем біріншілігінің плей-офф кезеңінде гол соққан ең қарт ойыншы атанып отыр (39 жас және 9 ай).
Айта кетейік, Португалия мен Швейцария арасындағы матч 6:1 есебімен Фернанду Сантуштың шәкірттерінің пайдасына аяқталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2000511-portugaliya-quramasynyn-ataqty-futbolsysy-alem-cempionatynda-zana-rekord-ornatty/