Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Опубликовано:

Арли Чонтей
Арли Чонтей. Фото: wfrk.kz

Колумбия астанасы Боготада өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Арли Чонтей төртінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Біздің спортшымыз 55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Қоссайыс қорытындысы бойынша 259 (118+141) келі көтеріп, қорытынды хаттамада төртінші орынға ие болды.

Отандық ауыр атлетке қола жүлде алу үшін бір келі жетпей қалды. Десе де, Арли жұлқа көтеруден күмісті қанжығалап, әлем біріншілігінің кіші медаліне қол жеткізді.

Әлем чемпионы атағын таиландтық Силачай жеңіп алды. Екінші орында Вьетнам спортшысы Нго-260 (117+143), үшінші орында Оңтүстік Корея өкілі Ким (115+145) орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2000515-qazaqstandyq-auyr-atlet-alem-cempionatynda-zuldege-bir-qadam-zetpei-qaldy/

pixel