Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испаниялық футболшының жүрегін жаулаған бас бапкердің қызы жайлы не білеміз

Опубликовано:

Сира Мартинес ат ұстап тұр
Сира Мартинес. Фото: instagram/siramartinezc

Футболдан Испания құрамасы әлем чемпионатын 1/8 финалда аяқтады. Луис Энрике шәкірттері ширек финалға шыға алған жоқ. Десе де, құрамадағы басты жұлдыздардың жеке өмірі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атап айтар болсақ, футболдан Испания құрамасы мен "Барселона" командасының шабуылшысы Ферран Торрес құрама бас бапкері Луис Энрикенің қызы Сира Мартинеспен көңіл қосқан. Олар 2020 жылдан бері қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүр.

Алғашында Сира мен Ферран қарапайым дос ретінде араласады. Ал кейін екеуінің арасындағы достық махаббатқа ұласқан.

Сира Мартинес сүйіктісінен небары бір айға кіші. Ол ат спортымен кәсіби түрде айналысады және көптеген жарысқа қатысып тұрады.

Бір қызығы, Сира мен Ферранның ара-қатынасын команданың бас бапкері әрі қыздың әкесі Луис Энрике жылы қабылдаған. Ол қызы мен болашақ күйеу баласы туралы түрлі әзілдер айтып отырады.

Мәселен, Коста-Рикаға қарсы өткен матчта Торрес гол соғып, қуанышты сәтті трибунада отырған сүйіктісіне арнады. Нақтылап айтар болсақ, ол гол соққан соң қолын аузына апарған. Бұл футболшылар арасында сәби күтіп отырған жандарға арналған ишара саналады. Луис Энрике бұл әзілді жақсы қабылдап, тағы да осылай тойлайтын болса, Ферранды қосалқы құрамда қалдыратынын айтты.

Әлем чемпионатында Сира Катарға арнайы келіп, сүйіктісіне қолдау білдірді. Екі жастың махаббатына бүкіл әлем куә болуда.

Олар бірге өткізген сәттерін әлеуметтік желіде ара-тұра бөлісіп отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000585-ispaniyalyq-futbolsynyn-zuregin-zaulagan-bas-bapkerdin-qyzy-zaily-ne-bilemiz/

pixel