Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 жылдан бері қосалқы құрамда қалмаған Роналду матчтан соң не айтты

Опубликовано:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: championat.com

Футболдан Португалия командасының басты жұлдызы Криштиану Роналду Швейцарияға қарсы өткен матчта алаңға негізгі құрамда шыққан жоқ. Бұл футболшы мен жанкүйерлер үшін күтпеген жағдай болды. Кейін Роналду команданың жеңісіне қатысты ойын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетелік, аталған матчта Португалия Швейцария құрамасы 6:1 есебімен жеңді. Оның ішінде 21 жастағы Гонсало Рамош үш гол соғып, хет-трек авторы атанды. Одан бөлек, тағы бір жас ойыншы Рафаэль Леао соңғы допты соғып, ойынға нүкте қойды.

Ал Роналду кездесудің екінші таймы орталап қалғанда алаңға шыққан болатын. Ол ойын соңына қарай гол соққанымен, төреші офсайдқа байланысты есепке алған жоқ. Кейін Криштиану өзінің Instagram парақшасында команданы құттықтады.

"Таланттар мен жастарға толы команданы керемет өнерімен құттықтаймын. Армандар тірі! Ең соңына дейін! Алға, Португалия", - деп жазды Роналду.

Айта кетелік, Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында 2004 жылдан бері қосалқы құрамда болмаған. Ол араға 18 жыл салып, Швейцарияға қарсы өткен ойында алаңға негізгі құрамда шыққан жоқ.

Еске сала кетейік, ширек финалда Португалия Марокко құрамасымен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000588-18-zyldan-beri-qosalqy-quramda-qalmagan-ronaldu-matctan-son-ne-aitty/

pixel