Жапониялық футболшыларды жанкүйерлер ерекше құрметпен күтіп алды (фото)
Опубликовано:

Футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңілген Жапония құрамасының ойыншыларын өз елінде үлкен құрметпен күтіп алды. Бұл туралы чемпионаттың Twitter-дегі ресми парақшасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айта кетелік, Жапония құрамасы плей-офф кезеңінде Хорватия құрамасымен тең түсіп, пенальти сериясы арқылы қарсыласқа есе жіберген еді.
Ал топтық кезеңде жапондар Испания мен Германия командаларын 2:1 есебімен жеңіп, Коста-Рикаға 0:1 есебімен жол берген болатын.

Жанкүйерлер команданың бұл ерлігін жоғары бағалап, футболшыларды әуежайда үлкен құрметпен қарсы алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2000591-zaponiyalyq-futbolsylardy-zankuierler-erekse-qurmetpen-kutip-aldy-foto/