Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Футболдан Германия құрамасында ішкі кикілжің болған

Опубликовано:

Германия құрамасы
Германия құрамасы. Фото: instagram/dfb_team

2014 жылғы әлем чемпионы Германия құрамасы Катардағы әлем біріншілігінің топтық кезеңінен шыға алмады. Кейін командада ішкі кикілжіңдер болғаны айтылуда, деп хабарлайды Спорт Экспресс басылымы.

Басылымның жазуынша, 2022 жылғы әлем біріншілігінде командада ішінара кикілжіңдер болып тұрған. Әсіресе, бас бапкер Ханс Кликтің "Бавария" ойыншыларына ерекше бүйрек бұратыны көптеген футболшының ашуына тиеді.

Топтық кезеңнің бірінші айналымында Жапонияға қарсы өткен матчта Германия футболшылары аузын басып суретке түскен болатын. Кейін анықталғандай, ойыншылардың басым бөлігі мұндай саяси акцияларға араласқысы келмеген.

Сондай-ақ, бас бапкердің кейбір белсенді ойыншыларды қосалқы құрамда қалдырғаны да күмән тудырды. Мәселен, Марк-Андре тер Штеген мен Кай Хаверц өздерін негізгі құрамға қоспағаны үшін бапкерге өкпесін жеткізді.

Айта кетелік, Германия құрамасы топтық кезеңде 4 ұпай жинап, келесі айналымға өте алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000683-baq-futboldan-germaniya-quramasynda-iski-kikilzin-bolgan/

pixel