Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәнерлеп сырғанаудан Загребтегі турнирде ел намысын кімдер қорғайды

Опубликовано:

спортшы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы - Диас Жиренбаев, Михаил Шайдоров, Анна Левковец, София Фарафонова, Багдана Рахишова Хорватия астанасы Загребте басталған Golden Spin of Zagreb турнирінде ел намысын қорғайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Биыл 20-дан астам елдің мәнерлеп сырғанаушысы жиналған жарыс 10 желтоқсанда мәресіне жетеді. Қазақстандық спортшылардың бәрі жекелей сында өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Денис Тен дәл осы турнирде 3 рет топ жарған. Әуелі 2009 жылы чемпион болған Денис 2014 жылы жаттығулардың тығыз кестесі мен жоспарланған өзге жарыстарға қарамастан, Загребте керемет өнер көрсетіп, 1-орын алды. Келесі, 2015 жылы да Денис Тен мұнда бірінші болды. Ол кезде Денис табысты карьерасындағы екінші ең көп ұпайды (276,39 балл) жинаған-ды.

Ал сол 2015 жылы әйелдер арасында Элизабет Тұрсынбаева Golden Spin of Zagreb-тің күміс жүлдегер атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2000754-manerlep-syrganaudan-zagrebtegi-turnirde-el-namysyn-kimder-qorgaidy/

pixel