Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Parimatch Foundation шәкірттері баскетболдан республикалық турнирде өнер көрсетті

Опубликовано:

Турнир
Фото: Parimatch Foundation

1-5 желтоқсан аралығында Шымкент қаласында 3х3 баскетболдан Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты өтті. Қатысушылар арасында Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен өнер көрсететін №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері ерекшеленді.

Республикалық турнирге U-12, U-14, U-16, U-18, U-23 санаттарында Қазақстанның 13 өңірінен 97 команда қатысты. Parimatch Foundation қайырымдылық қорының "Спорт тәлімгері" бағдарламасы атынан №4 балалар үйінің командасы тұрақты қатысушы болып отыр.

Қор 2021 жылдан бастап №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерін қолдап, тәжірибелі баскетбол және футбол жаттықтырушыларының жұмысына, жабдықтарға, спорттық жабдықтарға және түрлі жарыстарға қатысуға толық демеушілік жасайды. Содан бері балалар үш турнирде өнер көрсетіп, қатысушылар бір қола және бірнеше жеке марапатқа ие болды. Бас жаттықтырушы Даниил Серединскийдің айтуынша, істелінген жұмыстың жемісі бар.

Турнир
Фото: Parimatch Foundation

"Балалардың баскетболмен айналысып жүргеніне бір-ақ жыл болды дегенге сену қиын. Олар тез машықтанып, көп жұмыс істеп, ең бастысы жаттығулар мен жарыстардан ләззат алуда. Мен олардың осындай аз уақыт ішінде қол жеткізген жетістіктерін мақтан тұтамын және біздің алдымызда жаңа жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін", — деп бөлісті бас жаттықтырушы Даниил Серединский.

№4 балалар үйімен ұзақмерзімді ынтымақтастық Parimatch Foundation-ның "Спорт тәлімгері" бағдарламасы ең сәтті жобалардың бірі болды, ол балалардың өмірлік жағдайларына қарамастан, спорттың көмегімен өзіне деген сенімділікті, физикалық және әлеуметтік дағдыларды дамытуға арналған игі іс болып отыр.

Турнир
Фото: Parimatch Foundation

"№4 балалар үйінің тәрбиеленушілері бізді өз жетістігімен таң қалдырып, қуантуда. Олардың жетістігін бақылай отырып, біз жас ұрпаққа әрқашан кеңес беруге, қолдауға және ынталандыруға көмектесетін тәжірибелі спорт тәлімгерінің болуы аса маңызды екеніне тағы да көз жеткізіп отырмыз. Біздің бағдарлама үшін де, оның қамқорлығындағыларға да, бәрі енді ғана бастау алынып жатыр", - деді Қазақстандағы Parimatch Foundation жобаларының маманы Виктория Андреева.

Parimatch Foundation - 2019 жылы құрылған Халықаралық қайырымдылық қоры. Қордың басты мақсаты - балаларға спортпен шұғылдануға және оқуға тең мүмкіндіктер мен қол жетімділік беру арқылы қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2000906-parimatch-foundation-sakirtteri-basketboldan-respublikalyq-turnirde-oner-korsetti/

pixel