Әлем чемпионаты: Хорватия мен Бразилия арасындағы матчта сенсациялық нәтиже тіркелді (видео)
Опубликовано:

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының ширек финалында Хорватия мен Бразилия кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Education City стадионында өткен матчтың негізгі уақытында есеп ашылған жоқ.
Экстра таймның 105-минутында Неймар мергендігімен көзге түсіп, Бразилияны алға шығарды. Алайда Титенің шәкірттерінің қуанышы ұзаққа созылмады. Кездесудің аяқталуына бірнеше минут қалғанда Хорватия құрамасы есептті теңестіріп кетті. Гол авторы: Бруно Петкович.
Ойын соңындағы пенальти сериясында Златко Даличтың шәкірттері 4:2 есебімен оңтүстік америкалықтардан басым түсті.
Осылайша, Хорватия катарынан екінші рет Әлем Чемпионатының жартылай финалына шығып отыр. Енді Модрич бастаған команда ақтық мәреге берілетін жолдама үшін Аргентинамен ойнамақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2000954-alem-cempionaty-xorvatiya-men-braziliya-arasyndagy-matcta-sensaciyalyq-natize-tirkeldi-video/