Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нидерланд мен Аргентина арасындағы ойынның жеңімпазы пенальти сериясында анықталды (видео)

Опубликовано:

Лионель Месси
Лионель Месси жасыл алаңда. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының ширек финалында Нидерланд пен Аргентина кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Lusail Iconic стадионында өткен матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Гол авторлары: Молина, Месси - Вегорст (дубль).

Экстра таймда қос құраманың ойыншылары нәтижені өзгере алған жоқ. Нәтижесінде Нидерланд пен Аргентина арасындағы матчтың жеңімпазы пенальти сериясында анықталды.

Он бір метрлік айып добын орындау кезінде оңтүстік америкалық ұжымның жолы болып, 3:4 есебімен ұтты.

Осылайша, Аргентина құрамасы футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалына шығып тұр. Енді Лионель Месси бастаған команда ақтық мәреге берілетін жолдама үшін Хорватиямен ойнамақ.

Еске сала кетейік, ширек финалдың алғашқы кездесуінде Бразилия Златко Даличтың шәкірттеріне есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000956-niderland-men-argentina-arasyndagy-oiynnyn-zenimpazy-penalti-seriyasynda-anyqtaldy-video/

pixel