Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Әлем чемпионатында тағы бір рекорд тіркелді

Опубликовано:

Нидерланд құрамасы
Нидерланд құрамасының футболшылары. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатында кезекті рекорд тіркелді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төртжылдықтың ірі додасындағы кезекті рекорд Нидерланд-Аргентина арасындағы матчта тіркелді.

Ойынның бас төрешісі Антонио Матеу Лаос 120 минуттың ішінде 15 сары қағаз көрсеткен. Осылайша, кездесу көп ескерту жасалған матч ретінде тарихта қалып отыр.

Бұған дейінгі рекорд Оңтүстік Корея мен Жапонияда өткен Әлем біріншілігінде орын алған. Камерун - Германия кездесуінде 12 сары және 2 қызыл қағаз тіркелген еді.

Айта кетейік, Нидерланд-Аргентина арасындағы матчтың жеңімпазы пенальти сериясында анықталып, Месси бастаған ұжым жартылай финалға жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000978-futboldan-alem-cempionatynda-tagy-bir-rekord-tirkeldi/

pixel