Роналду Мароккоға қарсы матчты негізгі құрамда бастай ма
Опубликовано:

Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш Мароккаға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Португалия құрамасының бас бапкері алғашқы минуттан алаңға шығатын он бір ойыншының қатарына Криштиану Роналдуды қоспаған. Енді әлем футболының жұлдызы матчтың екінші бөлігінде командасына көмектесуі мүмкін.
Португалияның құрамы:
Диого Кошта, Диого Далот, Пепе, Рубен Диаш, Рафаэл Гирейро, Рубен Невеш, Отавио, Бруно Фернандеш, Бернарду Силва, Жоау Феликс, Гонсалу Рамуш.
Марокконың құрамы:
Буну, Хакими, Эль-Ямик, Амрабат, Аттийят-алла, Саисс, Зиеш, Унаи, Амалла, Буфаль, Эн-Несири.
Айта кетейік, ширек финалдың үшінші матчы Португалия-Марокко арасында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 20.50-де басталады деп жоспарланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2000991-ronaldu-marokkoga-qarsy-matcty-negizgi-quramda-bastai-ma/