Марокко мен Португалия арасындағы матчта күтпеген нәтиже тіркелді (видео)
Опубликовано:

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан тағы бір ұжым анықталды. Ол - Марокко құрамасы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ширек финалда Марокко мен Португалия құрамалары кездесті. "Аль-Тумама" стадионында өткен матчта 1:0 есебімен африкалық команда жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 42-минутта Юссеф Эн-Несири соқты.
Осылайша, Марокко Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алып отыр.
Енді африкалық ұжым финалға берілетін жолдама үшін Франция-Англия жеңімпазымен кездеспек.
Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2000995-marokko-men-portugaliya-arasyndagy-matcta-kutpegen-natize-tirkeldi/