Әлем чемпионаты: Жартылай финалда ойнайтын барлық құрама белгілі болды
Опубликовано:

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының ширек финалы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жартылай финалға соңғы болып жолдама алған - Франция құрамасы. Дидье Дешамның шәкірттері Англияны жарыс жолынан шығарды. Тартысты өткен матчта 1:2 есебі тіркелді.
Ресейде өткен Әлем біріншілігінің жеңімпаздары енді ақтық мәреге шығу үшін Мароккомен ойнамақ.
Бұған дейін жартылай финалдың алғашқы жұбы анықталғанын, жанкүйерлердің Хорватия-Аргентина кездесуін тамашалайтынын жазған едік.
Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2001000-alem-cempionaty-zartylai-finalda-oinaityn-barlyq-qurama-belgili-boldy/