Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Томирис емес, Зена": Боксшы Ангелина Лукас салмақ өлшеу рәсіміне сәукеле киіп шықты (фото)

Опубликовано:

Ангелина Лукас
Ангелина Лукас. Фото: instagram.com/angelina_lukas1997/

Жақында кәсіби боксқа ауысқан қазақстандық Ангелина Лукас өзінің кезекті жекпе-жегіне шығады. Кездесу қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізген спортшы салмақ өлшеу рәсіміне сақ ханшайымы Томиристің образында келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Боксшының суретін әлеуметтік желіге журналист Әмірболат Құсайынұлы жариялаған.

Ангелинаның образы көпшілік арасында қызу талқылануда. Көпшілік оқырман оның жартылай жалаңаш күйде қазақтың ұлттық киімін кигеніне қынжылған.

"Томирис емес, Зена ғой мынау", "Сәукеле ғой. Тек мына жалаңаш денесіне қазақтың ұлттық киімін киіп қорлағаны...", - деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, Ангелина Лукастың қарсыласы - танзаниялық Лулу Каяге (8-8-4, 2КО). 52 келі салмақта жұдырықтасатын екеуі UBO чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2001043-tomiris-emes-zena-bokssy-angelina-lukas-salmaq-olseu-rasimine-saukele-kiip-syqty-foto/

pixel